Грузияда Қазақстан азаматы 16 жылға сотталды
Грузия соты көлік қобдишасында ауырсынуды басатын дәрі алып жүрген Қазақстан азаматын 16 жылға бас бостандығынан айырды. Щучинск қаласының тұрғыны сәуірде Поти портында ұсталған. Грузия заңнамасы бойынша бұл препарат психотроптық заттарға теңестірілген. ҚР Сыртқы істер министрлігі сотталушының туыстарына консулдық-құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда.
Толық мақаланы Egemen Qazaqstan сайтынан оқыңыз →
Тақырып пен қысқаша мазмұнды daryo дайындады. Толық материал Egemen Qazaqstan басылымына тиесілі.